Бастапқы бет

Қарағанды облысында ескі автокөліктерді жоятын зауыт құрылысы толығымен аяқталды  

06.12.2017

2017 жылдың 6 желтоқсанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен өткен Жалпыұлттық телекөпір асында, тозған көліктерді жоятын зауыт құрылысы аяқталып, кәсіпорын толық қуатта іске қосылды. Ескі көлік құралдарын толығымен жоятын зауыттың Орталық Азия аймағында теңдесі жоқ. Және де Қазақстандағы қайта өңдеу саласындағы ең ірі жоба болып саналады. «Recycling Company» ЖШС компаниясы қолға алған жобаның құны – 3 миллиард 400 миллион теңгені құрайды (бірінші және екінші кезең).

Ескі көліктерді жоюға арналған алғашқы зауыттың құрылысы 2017 жылдың ақпан айында басталды. Кәсіпорынды толығымен іске қосу екі кезеңнен тұрды. 2017 жылдың 26 шілдеде зауыт құрылысының І кезеңі аяқталды.

Шредерлік құрылғылар орнатылып, метал қалдықтарын қайта өңдейтін негізгі қондырғалары іске қосылды. Шредерлік кешеннің өндірістік қуаты жылына 50 мың ескі көлікті жоюға жетеді.

6 желтоқсанда зауыт құрылысының ІІ кезеңінде аяқталды. Бұл кезеңде ұсақталған түрлі металдарды балқытуға арналған индукциялық пеш, сондай-ақ газ бен мазут отынын шығаратын  пиролизді кешен іске қосылды.

Зауыт тозығы жеткен көліктерді толығымен жойып, оны кешенді түрде қайта өңдеуден өткізеді. Атап айтқанда, жоюға тапсырылған көліктің қара және түсті металы қайта балқыталып, одан қажетті шикізат шығарылады. Газ бен мазут отындары алынады. Зауыттың өндірістік қызметі кезінде шығарылатын қалдық/қоқыс көлемі 5 % аспайды.

Жаңа зауыт жабдықталған:

  1. Шредирлеу цехы (ұсату, сепарация): Индустрия 4.0. үлгілік сандық фабриканы құру талабына сай келетін заманауи италияндық құрылғымен жабдықталған.

Цех жұмысының жүйесі толықтай компьютермен басқарылады. Егер де цех қызметінде қандай да бір ақау шығатын болса, интернет арқылы «Bonfiglioli» (Италия) компаниясының диспетчерлік қызметімен олқылықты бірен орнына келтіру жағы қарастырылған.

  1. Балқыту цехы: Қытайда шығарылған заманауи құрылғымен жабдықталған. Индукциялық пеш (екі пештен тұратын екі жиынтықты) шредирлеуден кейінгі шикізатты балқытады (металды).
  2. Пиролизді цех: Украинада шығарылған жаңа құрылғымен жабдықталған. Бұл жерде ескі көліктердін құйып алынатын майлар қайта өңделеді. Нәтижесінде пешке қолдануға болатын мазут отыны алынады. Барлық пиролизді кешен автоматтандырылған және Индустрия 4.0. үлгілік сандық фабриканы құру талабына сай жарақталған.

Алдын ала есеп бойынша кәсіпорын толығымен іске қосылғанда зауыт жыл сайын  өнім алып отырады:

  1. Қара және түсті метал – 22 740 тонна,
  2. Синтезгаз – 2 млн 100 шары метр,
  3. Пиролизді отын – 16 000 тонна,
  4. Резеңке ұнтағын шығару -3 300 тонна.

Қалдықтан алынған түті және қара метал қорытпасы аймақтағы мыс қорыту кәсіпорнына жеткізіледі. Осылайша бір-біріне байланысты экономикалық сала арасында мультипликативті мүмкіндік ұлғая түседі.