Бастапқы бет

Экологиялық жәрмеңкеге қатысып, ұтысқа ие бол!

24.05.2018

2 маусым күні Астанада алғаш рет тұрмыстық қалдықтарды қабылдауға арналған #Экологиялық Асар өтеді. Экологиялық шараға кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Ең бастысы қайта өңдеуге келетін тұрмыстық қалдықтарды өзіңізбен ала келсеңіз болғаны.
Экологиялық шараға белсенді қатысып, олжалы бол!
ЭкоАсарға қатысу үшін:
  1. Макулатура, пластик, шыны бөтелке, батарея, сынапты шам, істен шыққан электр және электронды техникалар жоюға қабылданады.
  2. Экологиялық шараға белсенді қатысып, қайта өңдеуге қалдық өткізгендер арасында арнайы сыйлықтар ойнатылады.
  3. Сонымен қатар, ЭкоАсарға келген тұрғындар мен қала қонақтары арасында векториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар үлестіріледі.
  4. ЭкоАсар аясында Қазақстан шоу-бизнесінің жарқын жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
  5. Өтетін орын: Иманов көшесі 9, «Қазақстан» спорт сарайы алаңы.
  6. Өтетін уақыты: 2 маусым. Сағат 11:00-17:00

Қоршаған ортаны қорғауға әрбір қазақстандық үлес қоса алады!