Бастапқы бет

Астана қаласы тұрмыстық қалдықты сұрыптап тастау тәртібіне көшеді

27.06.2018

Астанада өңделетін қатты тұрмыстық қалдықтарға (ҚТҚ) арналған арнайы контейнерлер орнату басталды. ҚТҚ бөліп жинау «құрғақ» (пластик, қағаз, шыны, металл) пен «дымқыл» (тағам қалдықтар және т.б.) екі фракция бойынша іске асырылады. Бүгін «Есіл» ауданында орналасқан төрт тұрғын үй кешеніне 200 контейнер қайталама шикі заттарға арналған сиымдылықтар 45 мекенжай бойынша орналастырылды, одан әрі қаланың төрт ауданын қамтиды. ҚТҚ сұрыптау т жобасы аясында  қаладағы 2565 алаңда (Астана қ. контейнерлер алаңының 100% қамтылады) 6276 контейнер орналастырады.

«Сары» түстегі жаңа контейнерге металл, пластик, шыны, макулатура және ұсақ-түйек электронды техника қалдықтары жинау арналған. Қалған тұрмыстық қалдықтар жасыл контейнерлерге тасталады. «Сары» контейнерлердегі қалдықты отандық өндірушінен шыққан Iveco маркасындағы 25 жаңа мамандандырылған техникасы   тасымалдайды. Жиналған қайталама шикі зат Астана қ. қалдықтарын өңдейтін зауытында өңделеді. Тұрмыстық қалдықтарды жүйелі басқару жобасы ҚР энергетика Министрлгі, Астана қаласы әкімдігі мен «ӨКМ Операторы» ЖШС арасындағы әріптестік жөніндегі Меморандум аясында  жасалды.

Жыл сайын Астанада 300 мың тоннадан астам тұрмыстық қалдық жиналады, бұл күніне қаладан 1000 тонна қалдық шамасында. Осы көлемнің 45% (жыл мауысымына байланысты) қайта өңдеуге келетін шикізат болып есептеледі. Қазіргі уақытта Астанада тұрмыстық қалдықтардың  не бары 10%-ға жуығы қайта өңделеді, қалдықты сұрыптап тастау жүйесін енгізу арқылы өңдеу көлемін 25%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Елордада қалдықтарды сұрыптады насихаттау мақсатында халық арасында ақпараттық-ағартушылық жұмыстар жүргізіледі. Тұрғын үй кешендерінде арнайы экологиялық іс-шаралар, шеберлік сабақтары, білім беру мекемелерінде экологиялық сабақтар өткізу, ҚТҚ бөліп тастасауды түсіндіретін аудио-видео роликтер көрсету, арнайы экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Қалдықтарды бөлектеп жинау пилоттық жобасы қоқыс полигонына түсетін қалдық көлемі азайтап және табиғи ресусртарын үнемдеп, сақтап еліміздегі қайта өңдеу саласын дамытады.

 РАЗДЕЛЬНЫЙ СБОР – 1 ЭТАП