Бастапқы бет

Ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеуге төлем мөлшерлемесі енгізілді

23.12.2019

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2019 жылғы 5 желтоқсандағы № 95 бұйрығына ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдеуге төлем мөлшерлемесі енгізілді.

Бұйрық ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 12.12.2019 ж. жарияланған және ол жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 2019 жылғы 23 желтоқсанда күшіне енеді.

Осылайша 2019 жылдың 23 желтоқсанынан бастап импорттаушылар Қазақстан Республикасының аумағына ауыл шаруашылығы техникасын әкелген жағдайда және өндірушілер ауыл шаруашылығы техникасын өндірген жағдайда операторға қайта өңдеу төлемін төлеу тиіс.