Бастапқы бет

Хабарландыру

10.01.2020

2020 жылдан бастап «ӨКМ Операторы» ЖШС өндірушілердің/импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемілеріне таралатын қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, залалсыздандыру, пайдалану немесе кәдеге жарату мен компанияның әкімшілік шығындарына қатысты көрсетілетін қызметтер (жұмыс) электронды сатып алу жүйесіне ауысатын болады.

Қалдықтарды жинайтын, тасымалдайтын, қайта өңдейтін, залалсыздандыратын, кәдеге жарататын ұйымдар ӨКМ Операторының электронды сатып алу алаңына тегін қатыстырылады. Сондай-ақ Оператордың әкімшілік шығыстарына байланысты қызметтерді (жұмыстарды) орындаушылар сатып алу алаңына қатысуы Mp.kz электрондық алаңда қарастырылған жалпы шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Тендерлер тауарлардың (жұмыстар мен қызметтердің) құнын төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып, сондай-ақ орындаушылардың біліктілігіне қарай іріктеу арқылы түрлі әдістермен электрондық сатып алу порталы арқылы өткізілетін болады. Электрондық сауда-саттықтың жеңімпазы автоматтандырылған жүйе арқылы анықталатын болады.

Тіркеу жөніндегі нұсқаулық https://mp.kz/ сайтының «Анықтамалық орталығы» бөлімінде жарияланған.

ӨКМ Операторының сатып алуды өткізу мерзімі туралы хабарландыру, сондай-ақ электрондық сатып алуға қатысу жөніндегі қосымша ақпараттар компанияның интернет-ресурсында «Сатып алу» бөлімінде және mp.kz сайтында жарияланады.

«ӨКМ Операторы» ЖШС барлық мүдделі тұлғаларды электрондық тендерлерге қатысуға шақырады.

Тендерлерге қатысу бойынша кеңес алу үшін 8 (7172) 72-79-62 (Ішкі номер 139, 145) телефонына хабарласу арқылы немесе r.kamalova@recycle.kz эл.поштасына хат жолдауға болады.