Бастапқы бет

Құрметті көлік иелері!

24.01.2020

2020 жылдың 24 қаңтарында  ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі ескі көліктерді қайта өңдеуге қабылдаудың «жеңілдік сертификаты» бойынша 2020 жылға квота көлемін бекітті. Жыл соңына дейін қабылдау бекеттері 33 мың ескі көлікті (жеңіл, жүк және жолаушы) «жеңілдік сертификаты» бойынша қабылдай алады.

 Көлік құралының санаты  Жеңілдік сертификатының құны (теңге)  Жоспарлы көлем (бірлік)
 М1  315 000  30 000
 М2, N1, N2  550 000  2 500
 М3, N3  750 000  500

Ескі көлігін тапсырып жеңілдік сертификатын алғандар, қазақстанда жасалған автокөлікті сатып алғанда сертификат құнына қарай жеңілдік жасалады.

Тозығы жеткен көлік құралдарын аталған бағдарлама бойынша қабылдау 2020 жылдың 27 қаңтар сағат 9:00 бастап жүргізіледі.

Сонымен қатар сертификат бағдарламасы бойынша жаңа көлік сатып алғанда екі сертификатты біріктіруге болады. Сондай-ақ, сертификатты өзге тұлғаның атына екі реттен артық қайта тіркеуге болмайды.

Жеңілдік сертификаты бағдарламасы бойынша қандай көлік алуға болатындығын төменде көрсетілген сайттардан танысуға болады: «БИПЭК АВТО» www.bipek.kz, www.aziaavto.kz.

Сонымен қоса ескі көліктердің құнын төлеу бағдарламасы да жалғасын табуда. Аталған бағдарлама бойынша 2020 жылға 25 000 квота қарастырылған.

Бағдарлама талабында өзгеріс жоқ. Жеңіл көлік жиынтығына қарай екі түрде бағаланады: Толық жиынтықтағы көлікке 150 мың теңге, толық емес жиынтықтағы көлік – 48 мың теңгеге бағаланады.

Көлік тапсыру үшін auto.recycle.kz сайтына кіріп электронды кезекке тұруға болады. Анықтама ақпарат: 8 (7172) 64 -24- 25.