Бастапқы бет

ӨКМ Операторының электронды сауда алаңындағы алғашқы тендерлері жарияланды

30.01.2020

2020 жылдың 30-31 қаңтарда  mp.kz электронды сауда алаңында автокомпонент және қаптама қалдықтарын жинау, қайта өңдеу сондай-ақ залалсыздандыру бойынша Қазақстанда тендер жарияланатын болады. Аталған қызметке ӨКМ Операторы 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөліп отыр. Тендер 232 мың тоннадан астам қалдықты  қайта өңдеу және кәдеге жарату бойынша ойнатылады. Оның ішінде 35 мың тонна тозған шинаға, 40 мың тонна пайдаланылған майға, 20 мың тонна ескі аккумулятор батареяларына, 7 мың тонна антифриз қалдығына, сондай-ақ 130 мың тоннадан  астам қаптама қалдықтарын қайта өңдеу қарастырылып отыр. Тендерге қатысуға тапсырыс беру 2020 жылдың 10 ақпанына дейін қабылданады. Қорытынды наурыз айының басында жарияланады.

Қалдықтарды жинаушы, қайта өңдеуші және кәдеге жаратушы ұйымдар ӨКМ Операторының электронды сауда алаңында ұсынылған сатып алуларына  қатысу тегін жүргізіледі.

Электронды порталдағы сатып алу тендерлерін өткізу екі кезеңнен тұрады: бірінші кезең – орындаушыларды іріктеу кезеңі, екінші кезең – төмендетілген баға саудасы. Электронды сауда-саттықтың жеңімпазы автоматтандырылған жүйе арқылы анықталатын болады. Аталған сатып алуға қатысу жөніндегі нұсқаулық recycle.kz сайтындағы «Сатып алу» бөлімінде көрсетілген.

Тендерге қатысуға өтінім жасау 2020 жылдың 10 ақпанына дейін қабылданады. Қорытынды ақпан айының соңында жарияланады.

«ӨКМ Операторы» ЖШС қызығушылық білдірген барлық тұлғаларды электронды тендерге қатысуға шақырады.

Тендерге қатысу жөнінде кеңес алу бойынша төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуға немесе электронды поштаға хат жолдауға болады:

8 (7172) 72-69-72,  r.kamalova@recycle.kz (ӨКМ Операторы),

8 (727) 330-99-77 (mp.kz)